22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында күн электр станциясы толық қуатына көшті

    Қызылорда облысындағы күн электр станциясы толық өндірістік қуатына көшті.

    Жылдың басында пайдалануға берілген нысан сағатына 28 мегаВатт энергия өндіріп, республикалық желіге жіберіп отыр. Жалағаш ауданындағы 60 гектар аумаққа орналастырылған 84 мың айналмалы панель күнді шығыстан қарсы алып, ымырт үйіріле батыстан шығарып салады. Жылдың 4 мезгілінде үздіксіз максималды электр тоғын өндіретін станцияда 25 адам жұмыс істейді. Күн шуағы үнемі төгіліп тұратын аймаққа қоныстанған сәуле қабылдағыш қондырғылардың жарамдылық мерзімі 25 жыл.

    Энергетиктердің айтуынша, жоба өз тиімділігін жарты жылда дәлелдеп шыққан. Сондықтан алдағы уақытта күнсүйгіш станция аумағын ұлғайту жоспарланып отыр.

    «Басқа жерлерге қарағанда жаңбыр бізде аз жауады. Күн жылына 300 күндей ашық болады. Күн ашық болған кезде максималды тоқ беріп отырамыз. Біздің жоба қыс демейді, жаз демейді, бұлт демейді ешқандай ауа райына қарамайды. Үздіксіз электр энергиясын беріп отырады. Қыста қардан қорықпайды, өйткені панельдер айналған кезде өзі түсіп қалады. Желден қорғау қорғаныс ерекшелігі бар», – деді станция басшысы Нұрсұлтан Қызылбаев.

    қатысты посттар

    Шымкентте «малахит» платформасы іске қосылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

    Фариза

    Алакөлде республикалық веложарыс өтті

    Пікір қалдыру

    20 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.