12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

    Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінгенреспубликалық бюджет қаржысын игеруде  Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызғаиегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді.

    Мамандардың айтуынша, қаланың биылғы жалпы бюджеті454,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 243,3 млрд теңгереспубликалық бюджеттен бөлінген.  Бүгінгі таңда осы жылдың 9 айына жоспарланған 300,5 млрд теңге қаржытолығымен иегерілген. Сондай-ақ,  33,5 млн. теңгекөлеміндегі бюджет қаржысы үнемделіп отыр. Ал, қалған150 миллиардтан астам қаржы жыл соңына дейінтолығымен игерілетін болады.

    Айта кетейік, қала бюджеті  республикалық статусқа дейін133 млрд. теңге болса, 2020 жылға 321,5 млрд. теңгегеартты. Бүгінге қала бюджеті  454,5 млрд. теңгеден асыпотыр, оның 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қала әкімдерінің рейтингі

    Шымкент: Текесуда инфрақұрылым мәселесі толығымен шешілді

    Фариза

    Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары