Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысындағы Шалқияда түйіткілді мәселелер оң шешімін табуда

    Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов Шалқия кентінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 150 орындық клуб үйінің құрылысымен танысты.

    Шалқия кентіндегі клуб үйінің құрылыс жұмыстары туралы «Bolashak International Development» ЖШС өкілі айтып өтті.

    «Клуб үйінің құрылысы биылғы жылдың маусым айында басталған болатын. Бүгінде ғимараттың бірінші қабатының кірпіші қалануда. Жоба бойынша 2021 жылдың мамыр айында тапсыру жоспарланған», – деді Қайрат Манарбеков.

    Құрылыс нысанын аралаған аудан әкімі жұмыстар уақытылы жүргізіліп, сапалы болу керектігін ескертті. Сондай ақ, аудан әкімі Руслан Рүстемұлы «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ демеушілігімен салынып жатқан кеншілер саябағы мен демалыс аллеясы жұмысымен танысты.

    «Бүгінде жерін тегістеу жұмыстары басталды және жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Демалыс орнында тек саялы ағаштар ғана емес, Шалқия тұрғындары үшін түрлі спорттық ойын алаңдары салынатын болады», – деді кент әкімі Әбдімаулен Кеңесұлы.

    Айта кетейік, биылғы жылдың 28 тамыз күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Құдайберген және «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ бас директоры Дамир Кәрімнің қатысуымен «Шалқия» кенішінде тау-кен байыту фабрикасын салу жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды. Осы жиында облыс әкімі Гүлшара Наушақызы осы меморандумға сәйкес «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы Шалкия кенішінде бірнеше әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуді жоспарлап отырғанын, әсіресе Шалқия кентіне дейін ұзындығы 6 шақырым жол, Кеншілер саябағы мен аллея және контейнерлік қонақ үй салу арқылы Құттықожа бұлағының аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарланғаны жөнінде айтып өткен болатын.

    Меморандум аясында «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы Шалкия кенішінде бірнеше әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу жоспарлануда.

    Шалқия кенті тұрғындарының ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген бірқатар түйіткілді мәселелері оң шешімін табуда. Осыған дейін клуб үйінің бөлек ғимараты жоқ, мектептің акт залын пайдаланып келді. 2020 жылдың қаңтар айында мектептің жылу қазандығы табиғи газға қосылды. Сондай ақ, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, бүгінде ғимараттың ішкі жұмыстары толығымен аяқталды.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Сырдария ауданында тұмауға қарсы екпе жұмыстары 64,5 пайызға орындалды

    Фариза

    Президент бірқатар адамға шен мен атақ берді

    Фариза

    Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп бой көтереді

    Фариза