11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Гүлшара Әбдіқалықова праймериз қатысушыларымен кездесті

    Қызылорда облыстық партия филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова партияішілік іріктеуге қатысушыларымен кездесіп, өткен праймериз нәтижелері, үгіт-насихат жұмысы барысында көтерілген өзекті мәселелер турасында сөз қозғап, саяси доданың қатысушыларына алғыс хат табыстады.

    «Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық болды. Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың партия жұмысын «жүйелі жаңғырту» аясында ұйымдастырылған бұл бастама ел сұранысын қанағаттандырды десек болады. Праймериз бізге елдің қолдауы мен сеніміне ие болған үздіктерді іріктеумен қатар, партияластарымызды бір-бірімен тығыз байланыстырып, бірлігін бекемдеуге де септігін тигізді. Мұны праймериз барысында үміткерлердің бір-бірін қолдауынан көрдік. Праймеризде жеңген мен жеңілген болған жоқ. Алғаш рет өткізіліп отырған саяси шараға қатысушылардың барлығы үлкен батылдықтарын көрсетті. Әсіресе жастарымыз мол тәжірибе жинақтады. Көздеген мақсатына жетпеген үміткерлер партиялық кадрлық резервке енгізу арқылы түрлі кеңестер мен комиссиялар жұмыстарына қатыстырылады. Бұл өз кезегінде партия қатарына жаңадан келген әріптестеріміз бен жастарға келесі праймеризге дейін тәжірибе жинақтауға да септігін тигізетін болады деп есептеймін», – деді үміткерлерге жылы лебізін білдіру барысында Гүлшара Әбдіқалықова.

    Сыр өңірі бойынша праймеризге 501 кандидат тіркелген. Дауыс беру кезеңіне 485 адам жетті. Үміткерлердің 32 пайызы әйелдер болса, 28 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Кандидаттардың үгіт-насихат жұмысы кезінде 85 дебат ұйымдастырылған. 32 мыңнан астам партия мүшелерін қамытаған 2 мыңға жуық кездесулер өткізіліп, 1 мыңнан астам ұсыныстар жинақталған. Облыста барлығы 43 742 партия мүшесінің дауыс беруі жоспарланды. Партия мүшелерінің 32 441 (88%) онлайн форматта, 6953-і (100%) бюллетень арқылы дауыс берді. Жалпы облыстағы дауыс беру көрсеткіші 90,1% (39 394) құрайды.

    Жиын барысында праймериз қатысушылары да сөз алып, өз пікірлерімен бөлісті.

    қатысты посттар

    Түркістан облысында әкім пара алу кезінде ұсталды

    Фариза

    Министр Қазақстандағы жаңа облыстар қашан бөлінетінін айтты

    Фариза

    Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза