19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    АБАЙ АУДАНЫ: «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ БАТЫС БӨЛІГІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

    Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы «Ынтымақ-2» шағынауданының Батыс бөлігінде ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жауапты – «Мелиоратор» ЖШС мекемесі. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

    Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов шағынауданның Батыс бөлігінің тұрғындарымен инфрақұрылым мәселесі бойынша кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Бұқарбай Рысқұлұлы кездесу барысында мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

    Сондай-ақ, шағынауданды мемлекеттік электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Су Жоба құрылыс» ЖШС құны 890,3 млн тг құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

    Ф. Жандар

    Похожие записи

    Шымкентте карантиндік шектеулер 12 қазанға дейін ұзартылады

    Фариза

    Мәдени нысандардың маңызы артады

    Өскеменде қараусыз қалған жағалау саябаққа айналды