15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі өзекті

    Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы департаментте «OpenSpace» шеңберінде арнайы жиын өтті. Онда қаладағы «Қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау нарығында бәсекелестікті дамыту және көлік парктеріндегі автобустарды жаңарту» тақырыбы күн тәртібіне
    қойылды.

    Талқылау барысында көлік парктерінің иелеріне жаңа автобустарды тиімді шарттармен беру, жаңа бағыттарды енгізу жоспарлары туралы мәселелер қозғалды. Нәтижесінде, жолаушыларды қоғамдық көліктермен тасымалдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу туралы ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды, атап айтқанда, маршруттарды жүру бағыттарын 100% қабаттасудың алдын алу; осы салаға әсер ететін белгілі бір шешімдер қабылдау кезінде бәсекелестік ортаның жағдайын ескеру қажеттілігі; нарық субъектілері арасында маршруттарды әділ және ұтымды бөлу тетіктерін әзірлеу туралы;

    «Шымкент ӘКК» АҚ сатып алған автобустарды көлік парктерінің иелеріне тиімді шарттармен беру мүмкіндігін қарастыру туралы сөз қозғалды.

    Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен миллионды шаһарда 15 қазаннан бастап жол ақысын төлеу электронды жүйеге көшеді. Қазір осы бағыттағы жүмыстарды жүзеге асыру бағытында тындырымды тірліктер атқарылуда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жолдауға орай орынбасарларына тапсырма берді

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

    Фариза

    Жамбылда медициналық бұйымдарға қажетті шикізат өндірілетін болады

    Фариза