20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент әкімі қаланың жасыл белдеуімен танысты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы Қазақстан халқына Жолдауында«Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегікөгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігінтигізеді», – деп айтқан болатын.

    Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырумақсатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сенбі күні қалалық табиғи ресурстаржәне табиғат пайдалануды реттеубасқармасына қарасты бірқатар нысандардың қызметімен танысқан болатын.

    Ең әуелі қала басшысы А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көшеттік тұқымбақтың жұмысымен танысты.

    Жалпы тұқымбақта 8269 түп көшет өсірілуде. Атап айтсақ, мұнда 1537 түп бозарша, 1016 жәй арша,  891 түп емен ағашы мен 223 дана сабын ағашы және  81 дана шынар ағашы бар.  Ал, жылыжайда 19 түрлі тұқым себіліп,  жасылқаламша тәсілімен 42 түрлі ағаш-бұта дайындалуда. 

    Аралау барысында сала мамандарыдендросаябақты дамытудың жаңа концепциясымен таныстырды. Қала әкімі алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығын көбейтіп, дендросаябақты туристермен қала тұрғындарының сүйікті жерінеайналдыру қажет екенін айтты.

    Мұрат Әйтенов аталған саябақтағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан велосипед пен жүгіру жолдарының жұмысын аралап көрді.

    Мұндағы жүгіру жолының ұзындығы 6457 м, ені3 м. Веложолға арнайы қозғалыс жолақтары жүргізілген. Ұзындығы 12,5 км жолда жерастыкабельдері ауыстырылып,  биіктігі 6 метрлікарақашықтығы 20 метрді құрайтын 670 дана LED бағаналары қойылады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады депкүтілуде.

    Сонымен қатар, шаһар басшысы аумағы 976 гектарды құрайтын  «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Мұнда жалпы саны 262 мың түп ағаш көшеттері егілген. 

    Әкім жасыл аймақты дамыту үшін ең алдыменШымкент қаласындағы ағаштарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, осының нәтижесінде жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыру мәселесін қарастыруды тапсырды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында 16 шақырымдық айналма жол пайдалануға берілді

    Фариза

    Шымкенттіктер жылуға 26 млн. теңге артық ақша төлеп келген

    Фариза

    ШҚО ТЖД бастығы Н.Мадьяров Серікбаев атындағы ШҚМТУ бақылау кеңесіне қатысты