12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі мүгедектерді оңалту орталығының жұмысымен танысты

    Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектер күні болып бекітілген. Халықаралық мүгедектер күнін атапөту мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына, ар-намысы мен құқықтарын қорғау мәселесіне қоғам назарынаударуға, сондай-ақ, мүгедектердің еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді араласуынқамтамасыз етуге бағытталған.

    Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шапағат» оңалту орталығында болып, мекеменің жұмысымен танысты.

    «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психо-неврологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, біріншіжәне екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Өткен жылы ашылған орталық 70 орынға лайықталған. Онда келушілерге барлық жағдай жасалған. Инструктор мамандардың көмегімен денешынықтыру кабинетінің қызметін пайдалана алады. Арнайы кабинеттерде мүгедектер дәрігер нұсқауы бойыншатүрлі ем-дом қабылдайды.

    Мұрат Дүйсенбекұлы мемлекет мүмкіндігі шектеуліазаматтарға әрдайым қамқорлық көрсететінін, әлеуметтік төлемдердің мөлшері тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтты.

    Жалпы, Шымкент қаласында  мүмкіндігі шектеулі 37 мыңға жуық адам есепке алынған. 

    Осы санаттағы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл бюджет көздерінен  бөлінген қаржыға арнайы құралдардың 55 түрі сатып алынып, арнайықызметтердің 4 түрі көрсетілуде.

    Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Шымкент қаласына 406 дана электрондықоларба бөлінген. Жыл басынан бері 100 дана электрондықоларба келіп,                 I, II-топтағы мүгедектерге үлестірілуде. Қалған 306 данасы жыл соңына дейін мұқтаж жандарға таратылады. Бюджеттен қосымша 1 210 серуендікжәне бөлмелік қол арба алуға келісімшарт түзілген.

    Сонымен қатар Шымкенттегі алты арнаулы әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар 1 725 адамға қызмет көрсеткен.

    Атап айтқанда,  психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балалар мен  психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан азаматтар, І және ІІ-топтағы мүгедектер мен қарттарға стационарлық, жартылай стационарлық режимде және үйде оңалту шаралары жүргізілген.  

    Мұнан бөлек мемлекеттік мекемелерге альтернатива ретіндеүкіметтік емес ұйымдар да осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте жеті айда 1500-ге жуық пәтер пайдалануға берілді

    Фариза

    «Ауыл – Ел бесігі»: Қазалыда 17 жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Жамбылда ауылдастары мұқтаж отбасына үй салып берді

    Фариза