9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ «БОЗАРЫҚ» ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

    Бұл туралы бүгін Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің отырысындақала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті. Оның айтуынша, Шымкент қаласының «Қайнар бұлақ» тұрғын алабымаңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтінжалпы алаңы 178 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібіиндустриалды аймағын құру жоспарлануда екен. 

    «Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаныңөтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу  және сүт өндірузауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністіқайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыружоспарлануда»,-деді қала басшысы.

    Айта кетейік, бүгінде қалада «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалықаймағы жемісті жұмыс істеп келеді. Оларда жалпыинвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған. 

    Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтынжаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңааймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһазөнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады. 

    Сондай-ақ, жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта  өнеркәсіптікжылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобаларжүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылуыболжамдануда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда: Қазалылық тұрғын мемлекеттік бағдарлама аясында 500 бас қой сатып алды

    Фариза

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

    Шуда 7 553 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген

    Фариза