19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚСҰТ ИСАХОВ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Бүгін 1 қазан – Қарттар күніне орай қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы қарттарды мерекемен құттықтап, қала әкімінің арнайы сәлемдемесін жеткізді.

    Елге еңбегі сіңіп, бүгінде қызмет етер ұл-қыз, немере-шөбере тәрбиелеп отырған қарт-қариялардың өсиетін тыңдап, қоғамдағы бірқатар мәселелеріге қатысты ой-пікірін тыңдады. Олардың қатарында темір жол, транспорт саласының еңбегі сіңген ардагерлері, металлург, жылдар бойы құрылыс саласында еңбек еткен кәсіпкер ардагерлер және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен төрағалары бар.

    Қала әкімінің орынбасары ардагерлерді құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, еткен еңбектері мен үлгілі тәрбиелері үшін, қоғамдық-саяси жұмыстарды жүзеге асыруда белсене ат салысып, жастарға көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

    Ф. Жандар

    Похожие записи

    Шымкент: Қалада эпидемологиялық ахуал тұрақты

    Фариза

    Жамбылда егін орағы жүріп жатыр

    Шымкенттегі агро-индустриалды аймақтағы 30 га жерге жылыжай кешені салынады

    Фариза