15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында биылғы жылдың 8 ай қорытындысын, ал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасының орындалу барысы және арнайы тәртіптегі мемлекеттік сатып алулар туралы баяндады.

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мүдделі мемлекеттік орган басшыларына Мемлекет Басшысының Жолдауынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта туындайтын барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

    Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, тұрмыстық жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етілуін, талдау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарын нақты айқындады.

    Аймақ басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігін ерекше атап өтті.

    қатысты посттар

    Мамин Ресей елшілігінде ұсталды

    Фариза

    Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді

    Фариза

    Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 372 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.