6 C
Алматы
Сенбі, 24 Қазан 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова Любовь Колесникті Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

    Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагері Любовь Колесниктің үйіне барып құттықтады.

    «Қарттар біздің қазынамыз. Елімізде қарттарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналды. Сіздерге құрмет көрсету біздің парызымыз. Өмір жолдараңыз, ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Өз кезегінде Ұлы Отан соғысы ардагері көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.

    Колесник Любовь Сергеевна – 1925 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

    Соғыс жылдары жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен, яғни, 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдық танытқан.

    Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс істеді. 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан. Қарт ана 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

    Похожие записи

    Қызылордада 200 орындық модульдік аурухана салынуда

    Фариза

    Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттар

    Фариза

    Қызылорда облысында егін шаруашылығы жағдайы мен суармалы су жеткізу мәселесі бақылауда

    Фариза