5 C
Алматы
Сенбі, 24 Қазан 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің оңтүстік гарнизондарында жүргізілді

    Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауындабелгіленген басымдықтарды түсіндіру үшін Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб офицерлерінен тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент және Таразгарнизондарында орналасқан әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарына, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштерінің шалғай бөлімшелеріне барды.

    Гарнизондарды аралау барысында жеке құрам алдындаҚарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы бірінші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев сөз сөйледі. Ол стратегиялық құжаттың негізгі нормалары мен ережелерін жеткізді, Мемлекет басшысының Жолдауындаалдағы реформалар мен жаңа экономикалық бағыттың базалық қағидаттары туралы айтып берді.  

    Түсіндіруден басқа, әскери қызметшілерді ақшалай үлеспен, тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама нормаларытуралы заң кеңестері берілді.

    Гарнизондарда түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруүшін топ офицерлері келушілерді қабылдады. Соның арқасында көптеген әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Көбінесе жекешелендіру, қызметтік тұрғын үйді айырбастау, ипотекалық кредит беруді ресімдеу, медициналық сақтандыру, ақшалай ризықты және жәрдемақыларды төлеу тәртібіне қатысты сұрақтар келіп түсті.

    Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына кірген тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицерлеріжеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерттеді, ұжымдардың моральдық-психологиялық жай-күйін анықтау және әлеуметтік көңіл-күй деңгейін анықтау үшін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында сауалнама жүргізді.

    Г. ҚАПАЛ

    Похожие записи

    Шымкентте тағы 11 науқас коронавирустан емделіп шықты

    Фариза

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    Арыс қаласына Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары келді