15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Әйтенов Назарбаевқа Шымкенттің туристік әлеуеті туралы айтты

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ежелгі тарихи орындардың бірі болып табылатын «Ескі қоныс Шымкент»(Цитадель) тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.

    Сапар барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

    Жоспарға сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сонымен қатар, тарихи орынға бару аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті және оның даму перспективалары туралы айтты.

    «Ескі қоныс Шымкент» (Цитадель) – жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық орын.
    Бұл жерде үш стратиграфиялық қазба жүргізілді. Елді мекеннің мәдени қабаттарының қалыңдығы барлығы 14 метрді құрады. Оның ең төменгі қабатында біздің дәуірімізге дейінгі 3-ғасырдың аяғында – 2-ші ғасырдың басында, Согдтың урбанизацияланған қоныстарына тән керамика кешені құрастырылды.

    Ф. Жандар
    

    қатысты посттар

    Жамбыл облысының азық-түлік бағасын реттеу тәжірибесі өзгелерге үлгі ретінде ұсынылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ОҚМУ-ДЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЛИФТІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.