19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлері арасында өткен дебатқа қатысты

    Қызылордада «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы сырбойылық үміткерлердің арасындағы 47-ші жария пікір-сайыс өтті. Саяси додаға жеребе арқылы анықталған 4 үміткер қатысты. Додаға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова арнайы қатысып, қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

    «Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент-Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қарайтын, нағыз майталмандар деп білем. Облыстағы барлық праймеризге қатысушы кандидаттар дебаттарды тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен біліктіліктерін көпшілікке көрсетуі тиіс. Осы орайда барлық үміткерлер алдағы дауыс беруде жоғары нәтиже көрсетіп, партияластарымыздың сеніміне ие болады деп сенеміз. Ал, дауыс беруші партияластарымыз қоғамның сеніміне ие болған, беделді көшбасшыларды анық айқындап, өз таңдауларын жасауы керек. Баршаңызға саяси додада сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Жария пікірсайыс ашық, әрі тікелей эфирде өтті. Әрбір үміткер 5 минут ішінде өз бағдарламалары мен өзекті мәселелердің шешілу жолдарын баяндаса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты. Сондай-ақ, үміткерлер тікелей эфирдегі фейсбук әлеуметтік желісінен келіп түскен сауалдарға да жауап берді.

    Қызылорда облысы бойынша праймеризге 502 үміткер тіркелген. Бүгін күнге дейін 47 дебат ұйымдастырылып, олардың 248-і жария пікір сайысқа қатысқан.

    Саяси дебатта үімткерлер жастардың жұмыспен қамтылуы, бұқаралық спортты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ғылым мен білімді жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру мәселесін қозғады.

    Өз бағдарламаларының басым бағыттарын ұсынған кандидаттардың бірі коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтерді арзандату, білім саласын цифрландыру мәселелерін алға тартса, ендігі бірі әрбір өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашалығы өнімдерін сақтайтын қойма салу, аналар мәртебесі туралы заң қабылдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау шаралары туралы ұсыныстарды ортаға салды.

    Айта кету керек, жария пікірсайыс 28 қыркүйекте аяқталады. Ал, 1-3 қазан аралығында үміткерлерге дауыс беріледі. Бұл мақсатта «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филалы тарапынан дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 133 орын белгілеген.

    қатысты посттар

    “Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз” Kaspi.kz- те орын алған жағдайға байланысты баспасөз хатшысы не деді?

    Фариза

    Сыр қамысына Еуропадан сұраныс бар

    Фариза

    Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.