5 C
Алматы
Сенбі, 24 Қазан 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды

    Бүгін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қ.А.Яссауи кесенесінде «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды.

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан – Тайқазанның көшірмесі Шымкент қаласындағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясында» жасалған болатын. Тайқазан мектеп-гимназия директоры Арман Орынбековтың идеясымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қыдырәлі Агибаевтың жетекшілігімен, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Пердехан Тансихов, Болат Серікбековтың жасаған қолөнер туындысы.

    Сондай-ақ, көркем еңбек сабақтарында мектеп оқушылары да еңбек еткенін айта кеткен жөн.Арман Шымбайұлының айтуынша, тайқазан туындысына 18 ай уақыт жұмсалған. Оның бір ерекшелігі, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және елімізде өсетін ағаштардан жасалуында.Еліміздің ұлттық құнды жәдігерінің біріне айналған алып Тайқазанның ағаштан жасалған көшірмесі 18 қыркүйекте өтетін ұлттық көрмесіне қойылды.

    Мектеп басшылығы бұл еңбекті Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойына да арнап отыр. Бұл – әрбір ерекше идеясымен, білім, өнер, спорт салаларындағы халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерімен танылып жүрген мектептің тағы бір жетістігі.

    Ф. Жандар

    Похожие записи

    Шымкентте карантиндік шектеулер 12 қазанға дейін ұзартылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 300-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    Фариза

    Жамбылда “Егінжай күні” аталып өтті

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.