12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр өңірінде дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Қызылорда облысында дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар қатары 30,2 пайызға көтеріліп, 244 478 адамға жетіп отыр.

    Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Бұл мектептерде 20 147 оқушы 45 спорт түрімен тегін жаттығады.

    Сонымен қатар, Қызылорда қаласы және аудандардағы 8 спорттық клубта 13 613 адам дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылдануға тартылған.

    Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін ұлғайту және шұғылданушылар санын арттыру барысында біршама жұмыстар жүргізілуде.

    Бұл ретте, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында спорт саласы бойынша 22 жоба жүзеге асуда.

    Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы байдарка және каноэ есу базасының құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қала және аудандарда 8 жаттығу және стритбол алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    Сондай-ақ, облыс көлеміндегі балалар-жасөспірімдер мектептерінің ғимараттары, спорт клубына, спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары, Ж. Бахадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің футбол, волейбол және баскетбол алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Ал, №6 облыстық олимпиаладық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің теңгеріміндегі Стадионға және Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі Орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    2018-2019 жылдары облыста 16 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылды. Қалған жетеуін және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 5 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделініп отыр.

    Бұдан өзге, «Нұрсәт» теннис орталығының 4 жабық теннис кортының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін іске қосылады.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлеріне өз таңдауын жасады

    Фариза

    “Қыздар, денелеріңе кәрі, лас, сасықтарды жақындатпаңдар…”

    “Мені қашан өлтіріп кетеді?”: Қуат Хамитов өзінен жалыққанын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.