8 C
Алматы
Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қызылорда облысы

    Қызылорда облысындағы 3 мектепте «Ауыл мектебі» жобасы іске асуда

    Қызылорда облысында пилоттық режимде «Ауыл мектебі» жаңа білім беру жобасы басталды. Өңірдегі 3 мектепте бастау алған жоба педагогикалық практиканы жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және цифрлық ресурстардың қолжетімділігін арттыруды көздейді.

    Қызылорда қаласына қарасты Махамбет ауылындағы №143 орта мектебі, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылындағы №164 жалпы орта мектебі және Сырдария ауданы, №132 орта мектебінде іске асып жатқан жоба қала мен ауыл мектебінің арасындағы білім айырмашылығын азайту үшін қолға алынып отыр.

    Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованың айтуынша, бұл жоба Президенттің ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту міндетін көздейді. Яғни пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл мектептердегі тәжірибе барлық білім ошақтарына келесі жылдан бастап енгізіледі.

    «Жоба аясында мектептердің оқу процесі мен материалдық-техникалық базасын зерделеу, білім беру ортасының мониторингі, мұғалімдердің кәсіби сұраныстарын ескеру, ата-аналар мен қоғамның мектеп өміріне қатысуын анықтау үшін арнайы топ құрылып, жұмыс жүргізуде. Бұл ретте ауыл педагогтеріне артылар міндет – өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру, үздіксіз білімін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу және балалардың шығармашылығын арттыру», – дейді Ақзира Қасымова.

    Баса айту керек, балалардың шығармашылық қабілетін шындап, еңбекке араласуына жол ашады. Яғни балалардың еңбек қабілетін арттыру арқылы өмірлік дағдысын қалыптастыру көзделген. мектептерге енгізілмек.

    Похожие записи

    «Мектепке жол»: 220 қызылордалық оқушыға көмек көрсетілді

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

    Фариза

    Қызылорда облысында 180 отбасыға пәтер кілті табысталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + three =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.