22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бостандыққа шыққан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

    Қазақстандық файтер Қуат Хамитов бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Журналист Серік Ноянның Instagram-парақшасында спортшының бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жарияланды.

    “Бәрі дұрыс, ешқандай қысым болған жоқ. Бостандықтамын, мені жіберді. Уайымдап жатқан халыққа айтарым, көп рақмет, бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар”, – деді файтер.

    Бірақ “Найман” осы оқиға бойынша қылмыс істің біткен-бітпегенін айтқан жоқ.

    “Өзімнің босағаным қазір ғана. Шаршап тұрмын. Ол туралы біраз уақыттан кейін сұхбат берермін”, – деді Хамитов.

    Еске салайық, Қуат Хамитов кеше дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырғаны үшін ұсталған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі Хамитовтің жазбасы қылмыс екенін айтқан еді.

    Артынша спортшы видеоны әзіл ретінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмейтінін мәлімдеген.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданында екі балық цехы ашылды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлері арасында өткен дебатқа қатысты

    Фариза

    Қызылордада дәрі-дәрмектердің бағасы тұрақты бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.