22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып,  қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. 

    Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен “KAZAKH INVEST”ҰК” АҚ-ның  қолдауымен ресейлікинвесторлар “Хевел” компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны  6,2 млрдтеңгені құрайды.  Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен.  Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады. 

    Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электрэнергиясын өндіруді 20% – ға арттыруға мүмкіндік береді.

    Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биылқазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалануқажеттігін айтты. 

    Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылықұрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегіжобаны іске асыру құқығы берілген  “Hevel Kazakhstan(Хевел Казахстан)” ЖШС-і осы “Хевел” МК еншілескомпаниясы.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Фариза

    Семей әкімі көпбалалы аналармен кездесті

    ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МОНИТОРИНГ ТОПТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.