11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Валюта нарығы: долларға деген сұраныс 30 пайызға төмендеді

    Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың шілдесінде айырбастау пункттерімен долларларды таза сату (сату минус сатып алу) бүкіл ел бойынша 129,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылғы маусымдағы көрсеткіштен 8,3%-ға (118 млрд) және 2019 жылғы шілдедегі деңгейден 11,8%-ға (17,3 млрд) төмен.

    Жалпы алғанда, 2020 жылдың жеті айында қазақстандықтар америкалық валютаны сатып алуға оны сатудан түскен түсімнен 761,5 млрд-қа көп жұмсады. Салыстыратын болсақ, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде айырмашылық 1 трлн 086,5 млрд теңгені құрады. Осылайша,

    жыл басынан бері долларға сұраныстың төмендеуі 30%-ды құрайды

    Алайда, оның қазіргі және алдыңғы жылдардағы құны айтарлықтай ерекшеленетінін есте ұстаған жөн. Егер сұраныс көрсеткіштерін америкалық валютамен қарастыратын болсақ, төмендеудің одан да күшті екенін байқаймыз.

    Мұнай дәуірінің аяқталуы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін? — зерттеу

    https://kaz.365info.kz/mynaj-dauirinin-ayakhtaluy-khazakhstanga-khandaj-khauip-tondirui-mymkin-zertteu-351666/embed#?secret=InA1Tn8MtW
    • 2018 жылғы қаңтар-шілдеде орташа айлық бағам бойынша нетто-сату 1 млрд 675 млн долларды құрады
    • 2019 жылдың жеті айында – 2 млрд 854,7 млн
    • 2020 жылы – 1 млрд 884,3 млн

    Осылайша, бір жыл ішінде қазақстандықтардың қолында миллиард долларға жуық қаражат жиналды. Бұл сұраныстың үштен бірінен астамға төмендегенін көрсетеді.

    Доллар мен аймақтар

    Егер өңірлер бөлінісінде долларға сұранысты қарастыратын болсақ, мынадай үрдістер байқалады:

    • Республиканың 17 өңірінің 7-інде «америкалыққа» сұраныс маусыммен салыстырғанда өсті. Нұр-Сұлтанда (+5 млрд теңге, 8,3 млрл-қа дейін) және Алматы облысында (+4,3 млрд – 28,3 млрд-қа дейін) айтарлықтай көтерілген. Басқаларға қарағанда Алматыда сұраныстың төмендегені байқалады – 19,2 млрд теңгеге (40,8 млрд-қа дейін).
    • Бірден екі аймақта сұраныс кем дегенде 2018 жылдың басынан бастап рекордтық деңгейге жетті. Бұл Алматы облысы (7 ай ішінде нетто-сату 6,2 есеге, 2019 жылдың шілдесімен салыстырғанда – 18,4 есеге өсті) және Қызылорда облысы (маусымға қарағанда 8 млрд, + 1,63 млрд).
    • Қостанай облысында, керісінше, «америкалықтың» нетто-сату деңгейі соңғы 2,5 жылдағы ең төменгі деңгейде тұр. Шілде көрсеткіші – 1,3 млрд теңгеден аз. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 54%-ға аз және маусымның сұранысынан 30%-ға төмен.
    • Тағы төрт өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Шымкентте долларға деген  сұраныс әдеттегіден әлдеқайда төмен.

    Евро әлі де танымал емес

    7 айдың қорытындысы бойынша еуроның нетто-сатылымының сұранысы 2,7 есе төмендеді. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандықтар еуропалық валютаны сатып алуға оны сатудан түскен түсімнен 82,1 млрд теңгеге көп жұмсады. 2019 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші – 222,3 млрд, 2018 жылы – 139,8 млрд.

    Шілдедегі нетто-сату көрсеткіші –13,1 млрд теңге. Бір жағынан, бұл соңғы бес айдағы ең жақсы нәтиже. Бұл еуропалық валютаға деген қызығушылықтың қайта артқанын көрсетуі мүмкін (қазақстандықтар жақын арада Еуропаның шекарасының ашылатынына сенетін  болса керек).

    Доллар көшбасшылық позицияларын жоғалта бастады, оның орнына юань келе ме? — зерттеу

    https://kaz.365info.kz/dollar-koshbasshylykh-pozitsiyalaryn-zhogalta-bastady-onyn-ornyna-yuan-kele-me-zertteu-351637/embed#?secret=Fvc4cVo5l3

    Екінші жағынан, 2019 жылы сұраныс ағымдағы деңгейден төмен болған емес ал 2018 жылы бұл көрсеткіш қаңтар айында ғана нашар болды. Яғни, ағымдағы өсуді ескерсек, сұраныс бұрын-соңды болмаған төмен деңгейде. Сонымен қатар, орташа айлық бағам бойынша қайта есептеу кезінде шілде айының қорытындысы бойынша халықтың қолындағы еуро көлемі азайды, тиісінше 28,1 млн және 27,9 млн еуро.

    Бірақ бір қызығы, мұндай жағдайдың өзінде республиканың бірнеше өңірінде еуроға деген сұраныс ерекше жоғары.

    • Қызылорда облысында шілде айының қорытындысы бойынша нетто-сату 992,2 млн теңгені құрады – бұл 2018 жылдың басынан бері болмаған көрсеткіш.
    • Маңғыстау облысында – 753,9 млн, орташа сұраныс соңғы 2,5 жылда 495 млн теңге, ал рекорд 816,2 млн-ды құрады.
    • Солтүстік Қазақстан облысында еуроға сұраныс тек 2019 маусымында жоғары болды. Сол кезде нетто-сату 646,6 млн теңгені құрады, қазір – 617,9 млн.

    Жалпы, маусым айымен салыстырғанда бұл валютаға сұраныс республиканың 17 өңірінің 11-інде өсті.

    Рублге сұраныс 29%-ға төмендеді

    Ресей валютасына келетін болсақ, шілде айындағы сұраныс деңгейі  2018 басынан бергі кезеңдегі ең төменгі деңгейде. Бір айда нетто-сату 27,4 млрд теңгені құрады. Бұл маусым көрсеткіштерінен 29,2%-ға және 2019 жылғы шілде деңгейінен 44,1%-ға төмен.

    • Айдың нәтижесі бойынша рубльдің таза сатылымы 2018 жылдың сәйкес айының көрсеткіштерінен ешқашан жоғары шыға алмады.
    • Сәуірден бастап Ресей валютасына сұраныс 2019 ұқсас айына қарағанда төмен
    • Жеті айдың қорытындысы бойынша нетто-сату 29%-ға төмендеді

    Оңтүстікте рубльге сұраныс жоғары

    Нетто-сатуды республиканың оңтүстік өңірлеріндегі жоғары сұраныстың есебінен қолдауға болады. Шілде айында Жамбыл облысында рубль сатып алуға халық сатудан түскен түсімнен 4,9 млрд теңгеге көп жұмсады. Салыстыратын болсақ, 2018-2019 жылдардағы орташа көрсеткіш – 456 млн теңге. Қызылорда облысының халқы өткен жылдары валютаны сатып алғаннан гөрі жиі сатты (айына орта есеппен 242 млн теңгеден), енді сұраныс 3,6 млрд теңгеден асты.

    Неліктен АҚШ Қытаймен қырғи-қабақ соғыста жеңіліс табуы мүмкін?

    https://kaz.365info.kz/nelikten-akhsh-khytajmen-khyrgi-khabakh-sogysta-zhenilis-tabuy-mymkin-351659/embed#?secret=MIrCPqtcuu

    Екі жағдайда да қазіргі көрсеткіштер рекордқа жақын. Айтпақшы, олар бір ай бұрын белгіленген. 2018 жылдың қараша айынан бастап сұраныс Атырау облысында да жоғары деңгейде болды – 3,2 млрд теңге.

    Бірақ сұраныс үнемі жоғары болған өңірлерде керісінше, жағдай реттелген жоқ. ШҚО, БҚО және Қарағанды облыстарында сұраныс төрт ай қатарынан орташа деңгейден әлдеқайда төмен деңгейде.

    Шымкент пен Алматы облысында да антирекорд орнатылды. Мұнда халық сатып алғаннан гөрі рубльден құтылуға тырысуда. Қостанай облысында төрт ай қатарынан сұранысқа қарағанда ұсыныс көбірек.

    қатысты посттар

    Соққыға жығылған Сәуле Әбілдаxанқызы күтпеген шешім қабылдады

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Фариза

    Айыппұл орнына бетперде: Қызылордалық полиция қызметкерлері бетперде таратты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.