9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Жаңалықтар

    Коронавирустың екінші толқыны балаларға қалай әсер етеді? Цой жауап берді

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны балаларға қалай әсер ететінін айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Біз мұны бақылап отырмыз. Қазір ауырып жатқан балалар көп емес. Күн сайын бізде эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Осындай динамика жалғаса береді деп үміттенеміз”, – деді Цой.

    Айта кетейік, Еуропа елдерінде оқушылар арасында коронавирус инфекциясының өршуі байқалады.

    Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа толқыны туралы айтқан болатын. Ол көрші елдерде, әсіресе Еуропа аумағында, әрі ТМД-да ауру өсімі байқалатынын, сондықтан жағдайды бақылауда ұстау керек екенін түсіндірді.

    “Біз көрсеткіштердің жақсы болуына қарамастан төсек-орын қорын құрып, дәрілерді сатып алып, жеке қорғаныс құралдары, маскамен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Ауру өсімінің 30 пайызы маска тағуға және әлеуметтік қашықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Амал не, біздің тұрғындар маска тағып жүрген жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайды адам көп жиналған орындардан байқауға болады. Біз осы талапты орындауға шақырымыз. Біз бұл толқынның болатынына және болмайтынына өзіміз әсер ете аламыз”, – дейді Цой.

    Похожие записи

    Шымкент әкімдігінде шағын аудандарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралды

    Фариза

    Президентке Үндеу жасаған шымкенттік дәрігерге шетелдіктердің де назарын аударды

    Фариза

    Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілді

    Пікір қалдыру

    3 × five =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.