16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Мектепке жол»: Жалағашта 30 оқушыға құрал-жабдықтар үлестірілді

    Жаңа оқу жылындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Жалағаш ауданының Еңбек ауылдық округінде 30-ға жуық оқушыға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

    Акция аясында «Еңбек Жер» ЖШС-ның төрағасы Шакизатхан Искаков 560 мың теңгеге мектеп оқушыларына 8 планшет табыстады. Ал ауылдың төл перзенті Нұрдаулет Кенжебаев 2 оқушыға моноблок тарту етсе, Ғалия Байділдаева 1 оқушыға ноутбук сыйлады. Сондай-ақ бірқатар жеке кәсіпкерлер 10 оқушыға бір данадан смартфон үлестірді.

    Республикалық акциядан Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп ұжымы да қалыс қалмады. Яғни ауыл мектебіндегі ұлағатты ұстаздар шәкірттеріне көптеген смартфон сыйға тартты.

    Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандардың қатарында ауылдағы емхана ұжымы мен мәдениет үйі қызметкерлері де бар. Еңбектегі ақ халатты абзал жандар мен өнерлі азаматтар да балалардан базарлығын аяған жоқ. «Мектепке жол» акциясында ғалым атындағы орта мектепті әр
    жылдары тәмамдаған түлектер де оқушыларға өз сыйлықтарын үлестірді.

    қатысты посттар

    Әйелдерге ғана берілетін ипотеканың шарттары өзгерді

    Фариза

    Қызылорда: Жаңақорғандағы жылқы малдарының неден қырылғаны белгілі болды

    Фариза

    Қызылордада есептегі сотталғандар жұмыспен қамтылмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.