9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Жаңалықтар

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Зорлық көрген иттердің жағдайы туралы жазба Instagram желісінің “СтопОтлов” парақшасында жария болған. Еріктілердің сөзіне сенсек, 6 қыркүйек күні олар ұсталған иттер мен мысықтардың оқшаулағышында жағдайы ауыр төрт итті тауып алған. Олардың жыныс мүшесі жыртылып кеткені анықталыпты. Айтуларынша, олар иттердің бірін қан-жоса күйінде дереу дәрігерлерге жеткізген. Қалған үшеуін клиникаға келесі күні алып барыпты. Содан кейін еріктілер полицияға шағым түсірген. Дәрігер иттерді қарағаннан кейін олардың бір уақытта араға бір-екі күн ғана салып, жыныс мүшесінен жарақат алғанын анықтады деп жазады куәгерлер.

    Медициналық қорытынды, олардың айтуынша, төрт итке сексуалдық зорлық көрсетілгенін растап отыр. 8 қыркүйек күні олар “Астана Ветсервис” әкімшілігін бұл жайттан хабардар етіп, 9 қыркүйекте медициналық қорытындыны көрсеткен.

    Еріктілер иттерге ақша табу мақсатында осындай қорлық көрсетілген деген пікірде. Елорданың полиция департаменті NUR.KZ редакциясына факті бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. “Факті бойынша, Қылмыстық кодекстің 316 бабына сәйкес соталды тергеу басталды. Жағдайдың мән-жайы анықталып, тексеріс жүргізілуде”, – дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы. “Астана Ветсервис” өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне олардың аймағында иттерге зорлық көрсету фактісі бойынша тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

    “Оқшаулағыш аймағында кәсіпорын өкілдерінен бөлек, иттерге қарайласуға көмек көрсететін еріктілер де жүреді”, – дейді ветқызмет өкілі.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші жұрттың ашуына тигенін жазған болатынбыз. Одан бөлек, Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Кейін итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.

    Дереккөз: Nur.kz

    Похожие записи

    Ұры 10 жастағы мектеп оқушысын пышақтап кетті

    “200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…” – Министрлік

    “Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді” – белгілі әзілкеш сынның астында қалды

    Пікір қалдыру

    six + fourteen =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.