7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді

    Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді. Ал, емханалар жанынан құрылған мобильді топ тәулік ішінде 100-ге жуық тұрғынның үйіне барып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететкен.  Сондықтан  медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. 

    Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5 182 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 642-сі – симптомды, 2 540-ы – симптомсыз жағдай. Бүгінгі күнге дейін 4 498 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазіргі таңда 622 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6 тұрғын стационарға жатқызылған.

    Бүгінде қаладағы провизорлық және инфекциялық стационарларда 400 төсек-орын болса, оның 67 пайызы бос тұр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Конституция күніне орай тараздықтарға пәтер кілттері табысталды

    Қызылордада жаңа аурухана ашылады

    Фариза

    Шымкентте «Бабадан қалған боз кілем» атты онлайн көрме өтіп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.