20 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ақтау гарнизонының инфрақұрылымы жақсаруда

    Маңғыстау облысында сүңгуір оқу-жаттығу орталығы мен әскери госпиталь салынуда. Сонымен қатар, әскери әуеайлақты қайта жөндеу жұмыстары да қарқын алмақ.

    Өңірде қорғаныс ведомствосының басшысына Әскери-теңіз күштерінің сүңгуір оқу-жаттығу орталығын салу жобасы туралы баяндалды. Аталмыш орталықты құру жеңіл сүңгуір жауынгер жүзушілер, парашюттік-десанттық даярлық, су асты инженерлік жұмыстары мен шағын көлемді кемелерді жүргізу жөніндегі мамандарды жыл бойы оқыту курстарынан өткізуге мүмкіндік береді.

    Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында әскери госпиталь тұрғызу жоспарлануда.

    2003 жылы пайдалануға берілген Ақтау қаласы әуеайлағының әскери секторы инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. «Әуеайлақты дамытудың перспективалық жоспарының мақсаты – әуе базасының тұрақты жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету, әуеайлақтың сыйымдылығы мен оқу-жауынгерлік жұмысының сапасын арттыру, ұшу қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету», – деді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Қорғаныс министріне жасаған баяндамасында.

    Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы оқ-дәрілер мен атыс қаруын сақтау бөліміне барып, оның жүктемесімен, сонымен қатар, басшылыққа алынған құжаттарға сәйкес өрт кезінде жарылу қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жағдайларымен танысты.

    Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Ақтау гарнизоны бөлімдерінің командирлерін тыңдап, командалық пункт пен ӘШҚҚ автоматтандырылған басқару жүйесінің жауынгерлік жұмысын көрді.

    Сонымен қатар, ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев модульді казарманы, қазіргі уақытта әскерге шақыру бойынша медициналық комиссия жұмыс жасап жатқан Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинақтау пунктін қарап шықты.

    қатысты посттар

    ХҚО-ның қағаз жүзінде көрсететін қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

    Фариза

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Сыр елінде егін жинау науқаны қарқында жүруде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.