9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Жаңалықтар

    Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин коронавирустың жаңа толқыны туралы

    Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы болмайды деп уәде берді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Науқастар санын азайту, емдеу тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданды. Ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдем автомашиналары, барлық қажет жабдықтар сатып алынады. Жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер қоры құрылды. Тапшылық болмайды.

    Сонымен қатар, тамыз айынан бастап тұрғындар вирустық инфекцияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. ПТР тестілеу мүмкіндігі артты. Сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ өз вакцинасын өндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды”, – деді Мамин Үкімет отырысында.

    Похожие записи

    ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

    Фариза

    Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Фариза

    Бойжеткен селфи жасаймын деп қаза тапты

    Пікір қалдыру

    3 × five =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.