15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында кен орындары барланады

    Қызылордада облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев, «ҚазГермұнай БК» ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев журналистермен жүздесті. Жүздесу барысында өңірдің мұнай-газ саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысы таразыланды.

    Басқарма басшысы елімізде Қызылорда облысын мұнай-газ кластері қалыптасқан өңір ретінде санайтынын атап өтті. Бұл сала өңірдің экономи- касын дамыту бағытында жетекші рөлге ие болып отыр. Биылғы жылдың жеті айының ішінде өңдеу өнеркәсібінің ішіндегі шикі мұнайдың үлесі 84 процентті құрайды. Қазіргі таңда облыста 22 мұнай компаниясы жұмыс істейді. Олардың 11-і өндірумен айналысса, қалғаны барлау ісімен шұғылданады. Соңғы жылдары аймақта мұнай көлемінің қысқаруы көрініс беріп отыр. Сондықтан жаңа кен орындарын барлау мәселесі күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың біріне айналған. Елімізде жаңа мұнай кен орындарын табу мақсатында «Шу-Сарысу», «Оңтүстік Торғай», «Сырдария» бассейндерін геологиялық зерттеу көзделген. Сондай-ақ, Арал теңізінің акваториясын зерттеу назарға алынып отыр.

    «ҚазГермұнай БК» ЖШС және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мекемелерінде 2 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Пандемия салдарынан кейбір қиындықтар туындағанына қарамастан, оларда ешқандай қысқарту жағдайы кездескен жоқ. Жалақы көлемі де толық сақталды. Компаниялар бұрынғы жылдарда қалыптасқан үрдіс бойынша өңірдің әлеуметтік саласына қол созып келеді.

    қатысты посттар

    Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

    Фариза

    Биыл құрбан айт қалай ұйымдастырылмақ?

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.