15 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында егін орағы қыза түсті

    Бұл күндері Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласына қарасты күріш алқаптарында ғана егін орағы бастала қойған жоқ. Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 22 тамыз күні басталса, қазіргі кезде 3715 гектар алқапқа орақ салынып, оның 1622 гектары бастырылған.

    Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетовтің айтуынша, күріш танаптарында бекітілген кестеге сай 89,2 мың гектардың суы байланған, ол барлық күріш егістігінің 99,7% құрайды. Шаруашылықтарда егін жинау және дала жұмыстарына қатысатын техникалар толық дайын.

    Операторлар дизель отынының әр литрін 165 теңгеден жеткізуде.

    Басқарма басшысы қазіргі таңда күріштен басқа ерте егілетін дәнді дақылдар толығымен жиналып, майлы және малазықтық дақылдар мен картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жалпы егін жинау жұмыстарын 15 қазаннан кешіктірмей, толық аяқтау көзделіп отыр. Бүгінде күріштің әр гектарынан орташа 43 центнерден өнім алынуда. Мамандар болжамына сәйкес, биылғы жиналатын өнім өткен жылғы көлемнен (бастапқы салмақпен 530 мың тонна күріш салысы) кем болмайды.

    Сала басшысының айтуынша, қыркүйектің 19-20 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі шарада елорда тұрғындарына негізінен күріш, балық, бақша, көкөніс өнімдері ұсынылатын болады.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты жиын өткізді

    Фариза

    Алматыда оркестр маршы өтті

    Фариза

    Құрбан айтқа қарсы Тоқаевтың рақымына бөленген қылмыскерлер кімдер?

    Пікір қалдыру

    10 + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.