15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

    Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов “Оңтүстік” телеарнасында өткен “Әкім сағаты” бағдарламасында айтты.

    “Шымкент қаласының солтүстік  бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр” – деді әкім.

    220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме “Аврора Констракшен” ЖШС  жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда нысан құрылысы 90% аяқталған. Станция жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.

    Сонымен қатар, “Ақжар” және “1-М-1” қосалқы станциялары салынуда. Әрқайсысының қуаты 110 кВ. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

    Осы қосалқы стацияларды іске қосу арқылы 10 елдімекеннің мәселесі шешіледі.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

    Фариза

    Жамбылдық үздік мұғалімдер марапатталды

    Фариза

    Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі.

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.