Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында «Бизнеске арналған үкімет» жобасы жүзеге асырылуда

    Қызылорда облысында «Бизнеске арналған үкімет» жобасы «Бизнеске арналған үкімет» КММ-сі негізінде жұмыс жасауда. Мекеме қызметкерлері облысымыздың барлық 7 аудандарында және Байқоңыр қаласында қызмет көрсетуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мәлімдеді.

    Қазіргі таңда «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері «бір терезе» қағидаты негізінде барлық кәсіпкерлерге және инвесторларға 18 бағыт бойынша 89 қызмет түрлерін ақысыз көрсетеді. Көрсетілетін 89 қызмет түрінің 42-сі мемлекеттік қызметтер, 22-сі электрондық мемлекеттік қызметтер.

    Бүгінгі таңда облыс бойынша 57 мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік ұйымдар және монополист субъектілерімен жұмыс жасайды. Мекеме ашылғаннан бері, яғни 2017 жылдан бастап, облыс кәсіпкерлері мен инвесторларға 25 137 қызмет көрсетілген.

    Сондай-ақ «Бизнеске арналған үкімет» КММ-нің жанында «Kasipker Online», «kyzmet.kasipker.online» сайттары жұмыс жасауда.

    «Kasipker Online» сайты арқылы кәсіпкерлер қызмет туралы ақпаратқа және жаңалықтарға онлайн қол жеткізе алады. Ал, техникалық шарттарды алу үшін «kyzmet.kasipker.online» сайтына жүгінеді.

    Мұнымен қоса, аталмыш мекеме Қызылорда облысында инвестициялар тарту жөніндегі фронт-офисі болып айқындалды.

    Бүгінгі күні фронт-офис «ABK PromService» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында индустриылық аймақта шыны пластикті желілік және сорғы-компрессорлық құбырлар шығару зауытының құрылысы» мен «RNVEA SPP I» ЖШС-нің «Қызылорда қаласы, Сырдария өзеңінің сол жағалауында қуаты 120 МВт «Бурхан» күн электр станциясын жобалау және салу» жобаларын сүйемелдеуде.

    қатысты посттар

    “Мені митингіге жібермес үшін ұстады”. Алматыда Бапи соты өтпеді, әкімшілік іс тоқтатылды

    Фариза

    Намазхан әкесі үшін шағымданған балаға әкім жауап берді

    Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған армия ғана кінәлі емес

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.