9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат

    Келесі жылы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады – Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы мәселесіне тоқталды,деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    – Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл мемлекеттік органдар, тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл ең алдымен билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тетігі туралы демократиялық тұрғыдан мүлдем жаңа заң қабылданды. Саяси партиялар туралы, Сайлау туралы, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 130-шы және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды, – деді Президент өз Жолдауында.

    Тоқаев жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығын білдіріп, елдегі саяси реформаларға тоқталды. Ол келесі жылы елімізде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады, деді.

    – Бұл саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттк биліктік барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекетті басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Похожие записи

    Тоқаев: Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

    Фариза

    Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған

    Фариза

    Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 16 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.