9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда пандемия кезінде қанша жұп ажырасты?

    Қазақстанда 2020 жылдың наурызынан маусымына дейін 4 587 жұп ажырасқан,, – деп хабарлайды Qazweek.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Статистика комитетінің мәліметінше, пандемияның бірінші айында (наурыз) Қазақстанда ажырасу саны – 2 103, сәуірде – 332, мамырда – 731, маусымда – 1 421 болды. Шілде айындағы ресми статистика қыркүйекте пайда болады.

    Осылайша, 2020 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қазақстанда барлығы 12 747 жұп ажырасқан.

    Қазақстанда пандемияның төрт айында ажырасудың ең көп саны Алматыда тіркелген екен. Наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында Алматыда 554 жұп ажырасқан.

    Екінші орында Қарағанды облысы. Наурыздан маусымға дейін ьұл аймақта 516 ерлі-зайыпты ажырасқан.

    Үшінші орында Алматы облысы, осы кезеңде 503 жұп ажырасқан.

    Ажырасулардың ең аз саны Қызылорда облысында тіркелген, онда пандемия және өзін-өзі оқшаулау кезеңінде барлығы 31 ажырасу тіркелген.

    Нұр – Сұлтанда 345 жұп ажырасса, Шымкентте 184 жұп ажырасқан екен.

    Похожие записи

    “Күйеуім тұрған үйге бомба түсіп, астында қалды…”

    Арыста аяқ астынан 4 адам қайтыс болды

    “Белгісіз жазудың сыры неде?”. Елімізге алмалар Қытайдан таңбаланып келуде

    Пікір қалдыру

    5 + 20 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.