15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Ескі қалашық” – Цитадельде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. 

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Цитадельді қайта жаңғырту бойынша тапсырмасына сәйкес мұнда қызу жұмыстар жүруде. 

    Қазіргі таңда нысандағы әрлеу жұмыстары – 80 %-ға, абаттандыру –30 %-ға, археологиялық жұмыстар – 60 %-ға аяқталып қалған.

    Ескі қалашықтың батыс бөлігінде (подпорные стены), оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бекініс қабырғаларын қалпына келтіру, сондай-ақ, пандуспен кіру жолдары аяқталған. Цитадель төбешігінде жаяу жүргіншілер жолының, айванның, хауздың ғылыми-реставрациялық жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

    Жұмысшы топ  8 бағытта музейлендіру жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарып жатыр. Олар ескі қалашықта табылған экспонаттарды музейге қоятын жәдігерлерді бөлу үстінде. 

    Тарихи нысандағы атқарылып жатқан жұмыстарға қанық болған қала әкімі құрылысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Мамандар  қоғамдық көлік мәселесі биыл түпкілікті шешіледі деп отыр

    Фариза

    Шымкент: Демеушілер медициналық ұйымдарға 3 жедел жәрдем көлігі мен заманауи құрылғыларды тарту етті

    Фариза

    Қордайдағы зауыт аумағында 3 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.