12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында егінге тамыздың соңында орақ түседі

    Қызылорда облысында негізгі дақыл күрішке алғашқы орақ салу тамыз айының 25 нен бастап, егін жинау науқанын 15 қазанға дейін толық аяқтау жоспарда. Сондай-ақ, Сыр дихандарының болжамына сәйкес, биылғы жылы егілген ақ күріштің әр гектарынан 50-55 центнерден өнім алу межеленуде. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

    «Негізгі дақыл күрiштің көлемі – 89,5 мың гектар. Облыста алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізілді. Қазіргі таңда, бидай, арпа, сұлы дақылдарын жинау аяқталса, мақсары, картоп, көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда», – дейді Сейілбек Серғазыұлы.

    Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілген. 67,5 мың гектар егіс тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделген. Нәтижесінде, ағымдағы жылы ораққа түсетін 89,5 мың гектар күріштің 64,4 мың гектарының жағдайы«жақсы», 22,3 мың гектары «орташа», 2,5 мың гектары «нашар» деп бағаланып, ораққа түспейтін көлем 0,3 мың гектарды құрап отыр.

    Егін жинау жұмыстарына қатысатын техникалар да толық дайын. Егін жинауға 1640 дана трактор, 843 дана комбайн, 458 дана жатка, 308 дана жүк көлігі және 764 дана трактор тіркемесі қатысады.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді

    Фариза

    “Темір жолдан өшін алып, ақша алайын деп отыр” Тальгодағы оқиғаға байланысты сотталғандардың ата-анасы сұхбат берді

    Конфликт с начальником довел жителя Тараза до попытки суицида

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.