11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда 17 тамыздан бастап той жасауға рұқсат етіле ме

    Қазақстанда 17 тамыздан бастап коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетілетіні белгілі болды. Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әді де тыйымдар сақталмақ. Олардың қатарында банкет жасауға арналған ғимараттар да бар деп хабарлайды Qazweek.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

    Мемлекеттік комиссия шешімімен ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге (үйде де ұйымдастыруға болмайды) тыйым салынады.

    Сонымен қатар, барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына, мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге; бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына, діни нысандардың жұмысына; қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға рұқсат етілмейді.

    Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткенін жазған болатынбыз.

    қатысты посттар

    “Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?” Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    Түркістанда әкімнің балалары қоғамға ортақ стадионды жекеменшікке айналдырып алған

    Фариза

    Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.