13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жамбыл облысында бір топ адам түн ішінде әкімді ұрып кетті

    Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған болатын. Осы оқиғадан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

    “Бұндай жағдай қайталанбауы керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп айтады. Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беру”, – деді өңір басшысы.

    Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылаған. Соның салдарынан бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға шыққан ауыл әкімі де, соққыға жығылғаны белгілі болды. Елді мекен басшысының жарақаты жеңіл.

    Тәртіп сақшылары елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алған. Олардың неліктен бұндай қадамға барғаны тексерілуде.

    “14 адам ұсталып, Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деді Талас аудандық полиция департаментінің басшысы Тимур Жаңабаев.

    қатысты посттар

    Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін темір таяқпен зорлаған

    Фариза

    Дәрігерлер 3 күндік сәбиге ауыр ота жасады

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.