-7 C
Алматы
Сейсенбі, 24 Қараша 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Құран оқимын, Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге жібер!» – имам ақша талап еткен

    Елімізде  жақынынан айырылып, қайғы жамылған  отбасы көп. Елорда тұрғыны Айман Елемес (аты-жөні өзгертілдіред.) те жақында ғана жеңгесінен айырылды. Әлемді жайлаған дерттің кесірінен аяқасты туғанынан айырылған отбасының Қояндыдағы имамға өкпесі қара қазандай. Неге дейсіз ғой? Ол марқұмның жаназасын шығару үшін қайғыдан қан жұтып отырған отбасыдан 50 мың теңге сұраған. Мұнымен қоймай, кешке жақын «Менің Kaspi Gold-ыма тағы 30 мың теңге аударып жіберіңіздер, қырқына дейін Құран оқып тұруым керек» депті.

    Айман Елеместің жарынан айырылған ағасы имамның бұл әрекеті ұнамаса да, сұрағанын беріпті. Өйткені тура жұбайын жерлейін деп жатқанда ешкімді таба алмаған.

    «Бағасын айтпаса да, берер едік қой. Мынадай қиын кезеңде имамның бұл әрекеті бізге ауыр тиді. Індеттен аяулы анамыз бен жеңгеміз көз жұмды. Қазір отбасымызбен есімізді жия алмай отырмыз. Білесіздер, жерлеу рәсімін көпке созбай, тез аяқтауға тырысып жатыр. Оның қырқына дейін Құран оқып жүргенін біз қалай біле аламыз? Осындай кезде қалай мұндай арсыздыққа баруға болады?», – деді Айман Елемес.

    Белгілі болғандай, оқиға елорда іргесіндегі Қоянды ауылында болған.

    Дереккөз: Aikyn.kz

    Похожие записи

    Нұрлан Албан 0%-бен қалай үй алуға болатынын айтты

    “Шалбарын шешіп тастаған…” – жас жігіт 6 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 7 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.