14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Тарих

    Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар қалай беріледі?

    Шынында да, электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар қалай беріледі? Қазір бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша сұрақтарға жауап беруші «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің Басшысы Алимкулов Б.М.

    – Бекжан Мухидинұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін түсіндіріп берсеңіз.

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес:

    1. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

    Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.

    “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен анықталады.

    1. Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар электрмен жабдықтауға қосылуға еркін нысандағы өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруге арналған өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы) негізінде беріледі.

    Белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. “Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының” мазмұны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілерге қосу жоспарланған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

    1. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

    1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

    2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

    3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

    4)тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

    5)Энергия берушінемесе энергия өндіруші ұйым тұтынушы данеркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

    Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

    Техникалықшарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілері ненемесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

    Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

    Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

    1. Энергия беруші ұйымөзінің интернет-ресурсында электрмен жабдықтау желісіне қосылу және техникалық шарттарды беру процесіне арналған бөлімді ашады, ондамыналар:

    электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған бөлімді әзірлеу;

    кемінде 3 ай мерзімділігімен жүктелетін шағын станцияларды жүктеу туралы ақпаратты орналастыру қамтылады.

    1. Электр қондырғылары тұтынушылардың электр желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар тұтынушыға берілген техникалық шарттарды тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымымен келісіледі.

    Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттарды қосалқы тұтынушыларға тұтынушының келісімімен беруіне жол беріледі.

    Тұтынушылардың электр қондырғыларына жалғануға қандай құжаттар ұсыну қажет?

    Тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына жалғауға берілетін техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі:

    1) техникалық шарттар берілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;

    2) электрме нжабдықтау объектісінің атауы;

    3) объектінің орналасқан жері (қала, ауыл, көше);

    4) электр тұтынуының рұқсат етілген қуаты;

    5) электр энергиясын тұтыну сипаты (үнемі, уақытша, маусымды);

    6) электрмен жабдықтауың сенімділік дәрежесі;

    7) қуаттың рұқсат етілген коэффициенті;

    8) қосылу нүктелері (шағын станция, электрстанциясы немесе электр тарату желісі);

    9) қосылатын электр тарату желілеріне (бұданәрі – ЭТЖ) және шағын станциялар жабдығына қойылатын негізгі техникалық талаптар.

    10)жаңа тұтынушының пайда болуына байланысты қолданыстағы электр желісін күшейту бойынша дәлелді талаптар – сымдардың қималарын ұлғайту, трансформатордың қуатын ауыстыру немесе көбейту, тарататын құрылғылардың қосымша ұяшықтарын салу;

    11) техникалықшарттарды беру себебі;

    12) техникалық шарттардың қолданылу мерзімі.

    Егер энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда, сондай-ақ тұтынушыларда жекеменшік құқығында электрэнергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесі (бұданәрі – ЭЭКЕАЖ) орнатылған трансформаторлық шағын станцияларыболса, онда қосымша техникалық шарттарда төмендегі талаптар көрсетіледі:

    ЭЭКЕАЖ қолдану мен электр энергиясын коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру;

    релелік қорғаныс пен автоматика, диспетчерлік басқару: телеөлшем, телебасқару мен байланыс каналдарын ұйымдастыру құралдары мен электр қондырғыларды жарақтандыру;

    реактивті қуатты өтеу.

    Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі электр қондырғысын жобалау және салудың нормативтік мерзіміне сәйкес болады.

    Құрылысы басталған объектілердің техникалық шарттарының жарамдылық мерзімі тұтынушының қолдану мерзімі өтпес бұрын берген өтініші бойынша ұзартылады.

    Сараптама қажет пе?

    Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

    Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтінішті қайта береді.

    Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасы мен электрберуші (электрөндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.

    1. Өтінім берілген қуаты 10 мегаватт (бұданәрі – МВт) жоғары электр желісінің пайдаланушыларын электр беруші (электрөндіруші) ұйымның электр желісіне қосу техникалық шарттары жүйелік оператормен келісіледі. Өтінім берілген қуаты 1-10 МВт электр желісінің пайдаланушыларын элект ртаратушы (электрөндіруші) ұйымның электр желісіне қосу техникалық шарттарының көшірмелері бір айдың ішінде жүйелік операторға мәлімет үшін жолданады.

    – Сұхбатыңыз үшін рахмет!

     

    қатысты посттар

    Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

    Фариза

    В Семее с начала года за нарушение правил благоустройства привлечены свыше 1200 горожан

    Пікір қалдыру

    2 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.