9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Аймақтар Жаңалықтар

    Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда

    «Мәдени астана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн.

    Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі — Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Фариза Жандар

    Похожие записи

    Үй бағасы арзандауда

    Коронавирус Қазақстан экономикасына да әсер етті

    Шығыстан сақтардың қонысы табылды

    Пікір қалдыру

    seven + 13 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.