12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты №2 қалалық ауруханаға қолдау көрсетті

    Коронавирус індеті мен пневмониямен науқастанған жерлестерімізге қолдау көрсету шаралары
    жалғасуда.

    Бұл жолы «ПетроҚазақстан ойл Продактс» серіктестігі «Қайырымды қала» қорымен бірлесіп №2
    қалалық аураханасына 1 мың дана жеке қорғаныс киімдері мен 10 мың дана бетперде тарту етті.
    Көлікке тиелген кораптарда медициналық қорғаныс киімдері мен бетперделер бар. Қажетті
    заттарды Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұжымы №2 қалалық аурханаға жеткізіп берді.

    Карантин режимінде жұмыс істеп жатқан арухананың қызметкерлері мен осында жатқан
    науқастарға қол ұшын созған «ПетроҚазақстан ойл Продактс» серіктестігінің өкілдері жылы
    лебіздерін білдірді.

    Ринат Ақбердиев, «ПетроҚазақстан ойлПродактс» ЖШС-нің өкілі: «ПетроҚазақстанойл продактс»
    ЖШС-і «Қайырымды қала» қорымен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізіп жатырмыз.
    Шараның мақсаты – коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға қолдау крсету. Сонымен
    қатар, әрбір науқастың өмірі үшін қажымас қайрат, кәсіби біліктілікпен 24 сағат бойы күресіп
    жатқан дәрігерлерлер, бүкіл медицина саласының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
    Бүгін біз көмек ретінде 10 мың дана бетперде, 1 мың дана қорғаныс медициналық киімін
    тапсырдық. Жұмыстарыңызға табыс. Ал біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуді жалғастырамыз».

    Шымкенттегі 3 мың 610 провизорлық төсек орынның 260-ы №2 қалалық аурханасына тиесілі.
    Бүгінгі таңда 200 науқас ем қабылдауда. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауруханадағы
    жан сақтау бөліміндегі 25 төсек орын 5-ке толықты.

    Асхан Жақыпбаев, №2 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары: «Ай бүрын жағдай ауыр
    болатын. Өзімізде аурухана болған соң 800 жеке қорғаныс киімі болатын. Әрбір дәрігер, орта
    буын қызметкері медициналық қорғаныс киімін күніне 2 рет ауыстырады. Қазір, міне,

    «Петроқазақстан ойл Продактс » серіктестігі бізге тағы бетперде медциналық жеке қорғаныс
    костюмдерін алып келді».

    Бүгінде №2-ші қалалық ауруханасы қажетті дәрі-дәрмектер, тыныс алу қондырғыларымен толық
    қамтылған. Қала әкімдігі және денсаулық сақтау басқармасының тарапынан ауруханаға қосымша
    6 ИВЛ аппараты жеткізілген.

    Айта кететін жәйт, қала аумағындағы мекеме, қоғамдық бірлестіктер, жеке азаматтар
    медициналық мекемелерге қолдауды тоқтатпады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ А.ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

    Фариза

    Шымкент: Қаланың оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.