9 C
Алматы
Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    “Карантинде аш отырғандар қайда?” Қазақтың қадірлі қонағына ғана қоятын малдың басы бүгінде қоқыстарда жатыр

    Биыл мұсылман қауым ерекше күтетін Құрбат айт мейрамы жылдағыдан ерекше өтті. Әлемді жаулаған індетке байланысты халық онлайн, сондай-ақ белгіленген жерлерде ғана құрбан шалуға мүмкіндік алды. Тек ауылдық жерде тұратындар ғана өз үйлерінде құрбан шалды. Дегенмен, Алланың разылығы үшін шалынатын құрбандықтың мағынасын адамдар дұрыс түсінбеген секілді. Адамдар тәубелеріне келуде деп жұртшылық шулағанымен, құрбан айт аяқталысымен олардың да жағдайы белгілі болды. Осыншалықты ысырапшылықтан кейін халықты карантинде аш отыр деп ойлау қиын. Құлщылығынан ысырапшылдығы асып кеткен адамдардың мұнлай әрекетін көрген жұрт ашуға булығуда:

    “Құрбандықтың шарты анау дейді, мынау дейді айтқыштар, он екі мүшесі сау болу керек, құлағының 2/3 дейін сақталған болу керек, бағасы пәлен теңгеден кем болмауы керек, әйтпесе, қабыл болмайды дейді. Дейді де сондай талапқа сай малды өлтіріп алып, басы мен сирағын, ішек-қарны мен терісін лақтырады! Бұған Құдай разы ма, жанын берген мал разы ма, ар-ождан разы ма? Бұл қып-қызыл жалқаулық, еріншектік, бас пен сирақты үйтуге еріну, ішек-қарынды аршудан қашу, ысырапшылық, басқа ештеңе емес”, – дейді әлеуметттік желі қолданушысы.

    Енді бірі: Семіздікті тек қой көтереді деуші еді, мынау недеген сұмдық? Бас пен сирақты үйітіп біреулерге беруге болмайды ма? Ішек-қарынды тазалау сонша ауыр ма? Карантинде аш отырғандар қайда? Бүйтіп мал шалғанша, шалмағандарың артық шығар… Қаншама ысырап қой мынау. Мал сойсаңдар берекесін кетірмей, орнымен, жөнімен жасауға болмайды ма? Осыны көріп жасағаннан кейін арларың тыныштала ма? Сөзім жоқ… Обал-ай, обал…  Малды бүйтіп қорламаса болмайды ма?! Жыл сайын осылай, биыл адамдар тәубелеріне келді ме десем… Әй қазағым-ай, қойдың Шопан атасын ұмыттыңдар! – деп ашынды.

    Расында, мұндай ысырапшылдықпен орындалған әрекетті құрбан шалу деп атай аламыз ба? Қашанда төрт-түлікті ішер асымыз деп қасиетті санаған қазағымыздың санасының дәрежесі осындай адам шошырлық дәрежеге түсіп кеткені қалай? Қазақтың  қадірлі  қонағының алдына  сый қылып қойылатын малдың басы бүгінгі күні қоқыстарда жатыр.

    Похожие записи

    Кәсіпкерден сыйлыққа пәтер алған ана көз жасын тоқтата алмады

    Оқушы қыз 45 минут бойы зорланған болуы мүмкін: Мектеп әжетханасында болған зорлық ісі туралы

    Фариза

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 14 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.