5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Ынтымақ-2 шағынауданына ауыз су жүйесі тартылып жатыр

    Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін тұрғындар ауыз суды сатып алып, тұтынды. Осыған орай, «Ынтымақ-2» шағынауданына су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қала қазынасынан 50 млн теңге қаржы қаралған, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Бүгінде мұндағы 10 көшеге су құбырлары тартылуда. Құрылыс жұмыстарын «Ахмет» ЖШС жүргізуде. Жұмыс сапасына кепілдік мерзімі — 5 жыл.

    – Бұл мұқтаждық 2021 жылдың 2-жартыжылдығына жетпей шешіледі. Осындағы 3500 үй толықтай ауыз сумен қамтылатын болады»,- дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.

    Ынтымақ-2 шағынауданына су құбырларын тарту жұмыстары мамыр айында басталған. Мердігер мекеме жұмысшы санын көбейтіп, ауыз су жүйесін белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Жамбылда белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

    Фариза

    Қызылорда облысында қылмыс саны азайған

    Фариза

    Тұрақты кәсіп – ел берекесі

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.