10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Денсаулық

    Коронавирустың екінші толқыны болмайды – Конеев

    Коронавирус бүкіл әлемге орасан зор зиянын тигізіп, қанша жанды жақынан айыруда. Аталған індетпен күресу үшін біздің еліміз не істеп жатыр? Бастапқыда бетперде мен дәрі таппай әлек болдық. Одан кейін жасанды аппараты жеткіліксіздігінен қанша азаматтан айырылдық. Адам қырылып жатқанына қарамастан жауапты орындар дәрілерді ұстап отырғанын да анықтап алдық. Ал енді бүгін Денсаулық сақтау министрігі әлі эксперимент ретінде тұрған дәріні Қазақстанға кіргізіп, коронавирусқа ем ретінде қолдануға кеңес бермек. Ол қандай дәрі?

    Фавипиравир –  2002 жылы халықаралық атауға ие болған Жапония елінің тұмауға қарсы ойлап тапқан дәрісі. Тұмаудан бөлек, Эбола сынды қауіпті вирусқа қолданған. Эболаны жеңуге дәрі жақсы әсер еткенімен, зерттеулер нәтижесінде дәрінің адамдарға өте қауіпті екендігі анықталған. Фавипиравирді қолданғаннан кейін одан дүниеге келетін ұрпақ  ДЦП, психологиялық ауытқу, дұрыс жетілмеу секілді өте қауіпті кеселдерге шалдығып туылады. Ал жүкті әйел қолданған жағдайда түсік тастауы да таңқаларлық жағдай емес. Дегенмен, коронавирус инфекциясы басталғалы бері індетті жоюға көмектеуі мүмкін деген үмітпен Жапония, Қытай, Италия елдері фавипиравир дәрісін қолданды. Бірақ, жақсы көрсеткіш байқамадық. Әлі коронавируспен күрес жүргізілуде.  Ал осы жылдың шілде айында Жапония Фавипиравирдің коронавирусты емдеуге қауқарсыз екендгін мәлімдеді. Жапония бастартқаннан кейін Ресей елі бұл дәріге кішкене өзгерістер енгізіп, оны экспериментке шығаруды жөн санаған. Ал бүгін Ресейдің өзі қолданысқа енгізбеген фавипиравирді Қазақстан сатып алмақ. Фавипиравир бізге не үшін керек? Аталған сұраққа жауап алу үшін Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі белгілі дәрігер, неврапотолог, әрі әлеуметтік желі арқылы Денсаулық сақтау министрлігі мен медицина саласындағы маңызды мәселелерді талқылап, ашық пікір білдіріп отыратын Қайырғали Конеевпен сұхбаттасып көрген еді.

    Қайырлы күн, Қайырғали аға! Сіздің әлеуметтік желі арқылы Денсаулық сақтау министрлігіндегі, сонымен қатар, медицина саласындағы қателіктерді әшкерелеп, пікір білдіріп отыратыныңызды үнемі байқаймыз. Осындай батыл күреске келуге сізге қандай жағдай әсер етті?

    Әлеуметтік желіде жазылатын пікірлердің барлығы дерлік жалғыз менің ойым емес. Бұны жалпы медицина саласында жүрген жандардың жанайқайы деп қабылдасаңыздар болады. Менің осы салада жүргеніме біраз уақыт болды. Бастапқыда, үндемейтінбіз. Көбісі шындықты тіке айта алмайтын. Себебі, Біртановтың өзі келіп үндемеуге бұйыратын сәттер болған. “Үндемеңдер, айтпаңдар” – деп ашық айтатын. Тіпті, бір кездері мені сотқа да берген кездер болды. Дегенмен, денсаулық сақтау министрлігіндегі неше түрлі сұмдықтарды көргеннен кейін тыныш отыра алмадым.  Содан кейін әлеуметтік желі арқылы ашық пікірлер жазып бастадым.

    Япония ойлап тауып бас тартқан фавипиравир дәрісін коронавирусқа ем ретінде қазір біздің елімізге кіргізіп жатыр. Шілде айында Япония бұл дәрінің коронавирусты емдеуге қауқарсыз екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ бұл дәрі әлі қолданысқа рұқсат берілмеген, эксперимент ретінде көру керек дәрі. Сонда осы дәрі арқылы халықты емдемек пе?  Пайдасынан зияны көп мұндай қауіпті елімізге кіргізу кімге тиімді, олар нені көздеп отыр?

    Қазақстан фавипиравирді Ресейден қабылдап алып жатқанымен, Ресейде бұр дәріге байланысты ешқандай хаттама жоқ. Хаттама тек Қазақстанда ғана жазылып отыр. Бұл белгілі бір фармацептикалық компанияның қызығушылығынан туындар отырған дүние. Яғни, дәрі бизнесі. Хаттаманы толтыру арқылы Денсаулық сақтау министрлігі фавипиравирмен коронавирусты емдеуге міндеттейді. Соның нәтижесінде бұл дәрі елімізде індетті жоюға арналған дәрі ретінде сатыламақ. Ал Людмилла Бюрабекова болса, сол компанияның қызығушылығын қолдап, оны жүзеге асыруына мүмкіндік беріп отыр.

    Қазіргі билік пен денсаулық сақтау министрлігінің дұрыс шешім қабылдай алмауынан елімізде індеттен көз жұмғандардың саны күннен-күнге артуда. Халық, тіпті, медицина қызметкерлеріне сенуден қалған. Осы тұста осы бүкіл әлемде шарпыған кеселмен дұрыс күресу үшін қандай әрекет жасалу керек?

    Бастапқыда наурыз айларында қабылдаған екі айлық карантинді дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі, ол кезде коронавирустың енді ғана келіп бастаған кезі еді. Сол уақытта карантин арқылы күресуге мүмкіндік болған. Ал қазіргі Президенттің тапсырмасы бойынша карантинді тағы да екі аптаға созу ол мүлде дұрыс емес шешім деп есептеймін. Себебі, карантин ендігі халықтың арасына кіріп үлгерді. Халықтың арасында бар нәрсе. Сондықтан, коронавирусты дәл қазіргі уақытта карантинмен жеңу деген дұрыс шешім емес. Керісінше, коронавируске шалдыққан адамдарды емдеуге бар күш жігерді салу керек. Қазіргі таңда адамдар үйден ем қалуға көшті. Дәрігердің қарауынсыз, олардың берген ем-домынсыз дәрі, епке қабылдау мүлде дұрыс емес. Олар керісінше өз денсаулықтарына одан әрі зиянын тигізуде.

    Медицина қызметкерлерінен көңілі қалғаннан кейін қазір адамдар халықтық емге көше бастады. Мәселен зімбір және иттің майы секілді дүниелерді емдік мақсатта қолдануда. Бұл қаншалықты дұрыс?

    Бұл нәрсені дұрыс деп айта алмаймын. Айтып өткенімдей дәрігердің қабылдауынсыз дәрі де, екпе де қолдану адамның өзіне зиян. Дәл қазір зімбір, иттің майы секліді тағы басқа нәрселерді олар коронавирустан емдейді деп сеніп, қолдануы мүмкін, дегенмен, олар сол арқылы азқазандарына зиян тигізіп жатқандығын ойламайды.

    Бюджеттен коронавирусқа бөлінген қаржының  жоғалған соммасына кім жауап береді? Алексей Цой жаңадан келген министр болғандықтан бұған жауап бере алмайды? Сондықтан Біртанов жауап беру керек болған . Неліктен экс-министрдің үстінен қылмыстық іс қозғалмады?

    Біртановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, ол таныстарын салып немесе ақша беріп жазадан құтылып кеткен болуы керек. Ия, бюджеттен қанша ақша бөлінді, дегенмен, дұрыс игерілмеді. Бұл нәрсені Алексей Цойды орынан әкелді де сомен жапты. Ал Біртанов тек көзден алыстап кетті.  Егер естіген болсаңыздар Елжан Біртановтың әйелі де, бала-шағасы да Австрияда тұрады. Олар мүлде Қазақстанда емес. Біраз уақыт өткеннен кейін Біртанов та сол бар жиған-тергенін жинап, Австрияға кетіп қалуы мүмкін.

    Осы уақытқа дейін пневмания мен коронавирустың статистикасын денсаулық сақтау министрлігі неліктен қоспай келді? Қайтыс болған дәрігерлерге ақы төлемеу үшін бе, жоқ әлде, мұнда мүлде бөлек басқа мақсат тұр ма?

    Олардың статистиканы қоспауының басты себебі: дәрігерлерге ақы төлемеу. Себебі, бастапқыда Прзеидент айтқандай коронавируспен ауырған, сондай-ақ қайтыс болған медицина қызметкерлерінің әрқайсысына 2 миллион, 10 миллион теңгеден берілуі керек болған. Дегенмен, ауырғандардың да, қайтыс болғандардың да саны көбейіп кетті. Ал олар бюджеттен бөлінген ақшаны өздері жеп қойған соң, пневмания мен коронавирустың статистикасын қоспауға тырысты. Олар медицина қызметкерлері арасында індетке шалдықққандар мен қайтыс болғандардың саны бұлай өсіп кетеді деп күтпеген. Жақында Президент пневмания мен коронавирустың статистикасын қосыңдар деп тапсырма берген болатын. Дегенмен, әлі күнге статистика біріктірілген жоқ. Тоқаевтың сөзін ешкім елеп те жатқан жоқ. Ол жай аншейін отыр болды.

    Дегенмен, біз бұл жағдайды бұлай қалдырмаймыз. Пандемия аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырған және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің тізімін жасап, оларға ақы төленуін талап етеміз.

    Біртанов пен Молдағасымованың ара қатынасы туралы не айтасыз? Соншама шудан кейін де Молдағасымованың басшылық қызметінен кетіру биліктегілерге неліктен қиынға соқты, оның тірегі кім?

    Ия, Молдағасымова ең алғаш елге коронавирусты әкелген Германиядан келген жолаушылармен байланыста болған. Бірақ, ол соған қарамастан жұмысқа барған. Негізінде, оның осындай жағдайдан кейін жұмысқа баруға ешқандай құқысы жоқ. Содан кейін мен тиісті орындарға оның үстінен арыздана бастадым. Коронавирусқа шалдыққан адаммен байланысқа түскен адам неліктен жұмыста жүр деп. Тек содан кейін ғана оны екі апталық карантинге жатқызды. Ал содан кейін өзіне 2 айлық сыйақы жазыдырп алғанымен қоймай,  коронавирусқа шалдыққан дәрігердің өзін кінәлі деп шығарды. Сонша сұмдықтардан кейін де ол қазір Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы қызметінде отыр. Адамдардың айтуынша Біртанов пен Молдағасымованың арасында туыстық байланыс бар.

    Алдағы уақытта бізді не күтіп тұр? Қараша, желтоқсан айларында елімізде жағдай қалай болуы мүмкін? Коронавирустың екінші толқынында балалар ауырады деген ақпарат қаншалықты рас?

    Ия, әлемнің ғалымдары коронавирустың екінші толқынында балалар ауыруы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ, оны біздің Қазақстанның ғалымдары айтқан жоқ. Біздің елімізде коронавирустың екінші толқыны болмайды. Мен солай ойлаймын. Себебі, біздің елде болған бірінші толқынның өзі өте ауыр болды. Сондықтан екінші толқын болмауы мүмкін. Бұл ғалымдардың болжауындағы екінші толқынында балалар ауыруы мүмкін дегені, осы қысқа қарай тұмау маусымы басталады. Ол кезде үлкендер де, жасөспірім балалар да тұмаумен ауырады. Соған қарамастан, ол кезде коронавирус қауіпті болмайды, өлім де аз болады. Адамдар ол кезеңнен тұмаумен ауырғаны секілді өтіп кетеді.

    Пандемия қанша уақытқа созылады?

    Карантиннен, әрине, халық шаршады. Дегенмен, жаңа айтқанымдай екінші кезең болмайды. 1-2 жыл індет басылғанша адамдарға сабыр сақтап, шыдай тұруы керек.

    Коронавирус қандай оң жаңалықтар алып келді Қазақстанға? Кейбір адамдар отбасыға көңіл бөлуге уақыт болды десе, енді бірі биліктегі жемқорлардың беті ашылып қалды деп жатады. Осы тұста сіз қандай жақсы жағынан өзгерістер болды деп санайсыз?

    Әрине, жақсы жағы да болды. Расында, осы коронавирус арқылы Денсаулық сақтау министрлігіндегі жемқорларды әшкерелеуге мүмкіндік болды. Бұл індет олардың дұрыс жұмыс жасай алмайтындықтарын көрсетіп берді. Дегенмен, қазір министріктен Біртановтың өзі кеткенімен, ол жерде оның адамдары әлі де отыр. Бірақ, біз оларды кетіреміз. Денсаулық сақтау министрлігіне түпкіліпті өзгеріс қажет. Ол жердегі Біртановтың адамдарынан да біртіндеп құтыламыз.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    “Адам көп жиналатын жерге бармау” – Алматының Бас санитары коронавирустан қорғану жолын айтты

    Министр: Отставкаға кетуге дайынмын…

    Ішті тегіс ететін 10 әдет

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.