12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті

    Акцияның мақсаты — бірнеше айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту.

    Елдегі карантинге байланысты медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр. Соңғы уақытта бұл көрініс дәрігерлердің өмірін күрделендіре түсті. Сондықтан елдегі қиын қыстау кезеңде олардың жанынан табылып, барынша қолдау көрсету — қоғамның басты міндеті.

    Акция аясында Толстова 121 мекен-жайында орналасқан Шымкент қалалық «Жедел жәрдем көрсету станциясы» дәрігерлеріне алғыс білдірілді.

    Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындады. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.

    Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып «алғыс себеттерін» дайындауға «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» ,«Шаңырақ жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Асыл жүрек» қайырымдылық қоры, Қазақстан темір-жол төрағасы , Зарина Жиенбаева қоғамдық бірлестігі, «Пища жизни» қайырымдылық қоры, «Оңтүстік жастары» қоғамдық қоры «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы, «Жас ғалым — жастары» қоғамдық бірлестігі, Шымкент қалалық «Жастар мәслихатының» депутаты
    аталған акцияға қолдау көрсетті.

    Волонтерлармен ұйымдастырылған акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жолдауға орай орынбасарларына тапсырма берді

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

    Фариза

    Семейде қалалық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.