Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді

    ​2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленген болатын.

    2020 жылғы 1 — 15 тамыз аралығында «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ТМД-ға мүше елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді.
    Фестивальдің мақсаты достастық елдері халықтарының арасында мәдени мұра мен рухани құндылықтардың бірегейлігін насихаттау, рухани және шығармашылық байланыстарды кеңейту, түрлі халықтардың музыкалық мәдени мұрасымен танысу, халық аспаптарында орындаушылық дәстүрлерін сақтау және дамыту, халық-аспаптық өнерді интернет кеңістігінің кең тыңдаушылар аудиториясында танымал ету, достастық елдері халықтарының дәстүрлі мәдениетінің үлгілерін зерттеуге және игеруге деген қызығушылығын ынталандыру.

    Фестивальге қатысушылар өз халқының фольклорлық композициясын орындап, бейнетүсірілімді Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде өздерінің жеке парақшаларында #SNGKZ2020, #TMDSHYMKENT2020 хэштегтерімен жариялайды.
    Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және карантин режимі аяқталған соң 2021-2022 жылдар аралығында Шымкент (Қазақстан) қаласында өткізілетін халықаралық іс-шараларға шақырту алады.

    Онлайн-фестивальді ТМД қатысушы елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры мен Қазақстан Республикасындағы Росынтымақтастық өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырады.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Сарысуда азық-түлік қоры жеткілікті

    Фариза

    Отбасын сақтау – елдіктің белгісі

    Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.