30 C
Алматы
Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Аймақтар Жаңалықтар

    Шымкентте карантин екі аптаға ұзартылды

    Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

    Қала тұрғындарына кез келген ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады. Үйден шыққан кезде тұрғындар үш адамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.

    Жұмысқа бару және қайту, есік алдында және саябақта, скверлер мен жағалауда үш адамнан артық жиналуға болмайды.  65 жастан асқандар үшін қалада және қоғамдық орындарда жүріп-тұру аталған кезеңде шектеледі. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік емес базарлар 06:00-ден 13:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

    Дүкендер мен супермаркеттер жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

    Фариза Жандар

    Похожие записи

    “Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.” Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    “Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек” – Нұрлан Нығматулин

    Кәмелет жасқа толмаған қызын 4 жыл бойы зорлап келген “намазхан” жихад жасауға дайындалған

    Пікір қалдыру

    four × 3 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.