15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Мәдени астана» жылы аясында халықаралық жеті іс-шара өтеді

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

    Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

    – Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында халықаралық 7 мәдени іс-шара өтеді. Олар – ТМД елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы», қазақтың ұлы композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылары, «Шымкент – қайырымды қала» балалар шығармашылығына арналған, «Достастықтың опера жұлдыздары» опера орындаушылары, ТМД елдерінің театр фестивальдері және қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқу мен ТМД елдерінің халықаралық музей апталығы. Айта кетейін, аталған іс-шараларға бюджеттен қаржы қаралмайды, – деді Р.Мыңбаев.

    Спикердің сөзіне сүйенсек, елімізде карантин енгізілген уақыттан бері қалалық басқарманың 18 мекемесі тарапынан 820 онлайн іс-шара өтіп, 63 бейнеролик дайындалып, оны 300 мыңға жуық көрермен тамашалаған. Бұл мәдени шараларға қаржы жұмсалмаған. Яғни, аталған басқармаға бөлінген қаржы індетке байланысты толық қайтарылған. Осы ретте басқарма басшысы «Шымкент қалашығы» (Цитадель) нысанын қайта қалпына келтіру және абаттандыру мен мұражайландыру жұмыстары аяқталып жатқанын алға тартып, күз айында бітетінін айтты. Салтанатты ашылу рәсімі онлайн форматта өтеді.

    Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, бүгінде қалада атауы жоқ 644 көше бар. Есепті мерзімде атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша жалпы саны 381 ұсыныс жинақталып, құжаттары рәсімделіп, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілген. Қалған атауы жоқ көшелер бойынша ұсыныс тамыз айында Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының аумағында 22 маусымға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІҢ «СТАНДАРТ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    Фариза

    Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.