30 C
Алматы
Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Аймақтар Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТ:ӘКІМ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

     

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады.  Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады.

    Қала әкімі барша азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, бірінші көтерілген абаттандыру бойынша жұмыстар рет-ретімен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен қатар биылғы  жылы Шымкенттегі 300-ден астам аула абаттандырылып, ойын және спорт алаңшалары жаңартылып жатқанын атап өтті. Ал атауы жоқ көшелерге атау беру заң талаптары шегінде қаралып, мараторий ашылғанда тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

    Қабылдау барысында көтерілген басқа да сауалдар бойынша қала әкім басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне әрбір өтінішті жеке қарауды айтып, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

    Г. Капал

    Похожие записи

    “3 күн уақыт беріңіздер…” – Даниал Ахметов Зайсан тұрғындарымен кездесті

    ШҚО-да өтетін қазақ күресі турниріне тұңғыш рет Итальяның спортшылары қатысады

    Тарихи мекен туристерді тартады

    Пікір қалдыру

    13 − two =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.