11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандықтарға көшеде маска тағып жүру талабы енгізілді

    Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға 27 шілдеде қол қойылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап. 

    Жаңа ережеге сәйкес қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді.

    Қаулыда көрсетілгендай, халық үшін мына жағдайларда маска тағуға міндеттеледі:

    – жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;

    – COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтарға;

    – коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

    Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    қатысты посттар

    Қармақшы аудандық ауруханасына жаңа көлік табысталды

    Фариза

    Қызылордада ХҚО-да қызмет көрсетуге әзір еріктілер көп

    Фариза

    Қазақстанда дәрігер адам өлтірсе, “адам құны” төленбек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.